Саябақ аймақтарын салу және реконструкциялау объектілерін аралау барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровқа Есентай өзенінің арнасы бойындағы жағалауды жөндеу жобасының дайындығы туралы баяндалды.
Бүгінгі таңда ағаштарды санитарлық кесу, оларды көгалдандыру, поребриктерді орнату, суару жүйесінің сыртқы жарықтандыру кабелі мен құбырларын төсеу, резервуарды, МАФ-тарды (шағын сәулет нысандары) және сыртқы жарықтандыру тіректерін орнату, спорт алаңын монтаждау жұмыстары аяқталды.
Шарт бойынша жұмыстар 2022 жылдың 30 тамызында аяқталуы тиіс еді, алайда мердігер ұйымның жұмыстарды тиісінше орындамауына байланысты мерзімдер бірнеше рет ауыстырылды. 2022 жылғы 21 қыркүйекте Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы сотқа талап арыз беруге бастамашылық жасады, оның қорытындысы бойынша мердігер ұйым...