Қазақстан ядролық салада шешім қабылдау үрдісіне араласуға ниетті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жұма күні мақала жариялады.
Ақпаратқа сәйкес, тиісті мәлімдеме 18 тамыз күні дипоматтар арасында тараған. Онда Әлемдік уранның бестен екі бөлігін өндіретін Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің шешім қабылдау үрдісінен шеттетіліп отырғанына риза емес. Сондықтан, Қазақстан МАГАТЭ-ге Басқарушылар кеңесінен орын беру туралы «заңды өтініш» жолдауға дайындалып жатыр. Елдің МАГАТЭ-нің бас басқарушы кеңесінен шығарылуы «теңдік қағидатын бұзуға әкеледі» делінген Қазақстан мәлімдемесінде.
Қазақстанның талаптары агенттіктің 2023 жылдың 25 қыркүйегінде өтетін кезекті жалпы конференциясында баяндалады. Кеңеске мүше болу мәселесін МАГАТЭ-ге мүше барлық мемлекеттер қарауы керек. Басылымның дерегінше, МАГАТЭ түсініктеме...