Вакцинацияны қабылдамаудың салдары денсаулыққа өз кері әсерін береді. АҚШ-тың Оңтүстік Миссисипи штатында COVID-19 жұқтырып, ауыр жағдайдағы науқастарға арналған ауруханалардағы төсек орындары таусылды.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Қарқынды терапия палаталары пациенттерге лық толы. Ауруға шалдыққандар күту залдарына және медициналық мекемелердің дәліздеріне орналастырылуда. Университеттің медициналық орталығының гараждарына екі далалық аурухана орналастырылған. Өйткені штат билігі халықты вакцинациялауды талап етпейді және бүгінгі күні Миссисипи иммундау үлесі бойынша соңғы орында. Нәтижесінде «дельта» штамының әсерінен коронавирустың таралу деңгейі бірнеше есеге артты.
...