Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді кедендік тазартудан өткізу қажет пе?
Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарын легализациялау үшін негізгі орындауы тиіс шарттардың бірі – осындай автокөліктердің кеден тазартудан өтуі болып табылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Мемлекеттік кірістер комитетінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді кедендік тазарудан өткізу қажет пе – деген сұраққа жауап берді.
Қазақстан азаматтары, Қырғыз Республикасында 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі және Армения Республикасында 2014 жылғы 10 қазанға дейінгі кедендік тазартудан өткен автомобильдерді әкелуіне болады.
Аталған автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасының және Армения Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар ғана әкеле алады.
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарттың ережесіне сәйкес...