Құқық қорғау органдары аса ауыр қылмыс жасаған 284, ауыр қылмыс жасаған 1553 және орташа және онша ауыр емес қылмыс жасаған 574 адамды іздестіруде. Жыл басынан бері іздеу жарияланған 684 адамның 473-і ұсталды, бұл 70% құрайды. 2022 жылдан бастап іздестіру жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін «электрондық іздестіру журналы» жүйесі іске қосылған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Бас прокуратурада ҰҚК, СЖҚІА, ҚМА, ІІМ-нің, аумақтық қылмыстық қудалау органдары мен прокуратура басшыларының қатысуымен күдікті адамдарды іздестірудің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде соңғы 3 жылда іздеудегі тұлғалардың саны 5 мыңнан 2,5 мыңға дейін, екі есеге төмендеген.
Ресей, АҚШ, Түркия, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинадан бүгінгі таңда...