Фото: shutterstock.com
Silicon Valley Bank банкрот болған соң, америкалықтар банктерден 100 миллиард долларын шығарып алған, деп жазады Экономикалық зерттеулер институтының телеграм арнасы.
Silicon Valley Bank (SVB) банкротқа ұшыраған соң, американдықтар бірнеше күн ішінде банктерден шамамен 98,4 миллиард доллар шығарып алған. Алайда, АҚШ билігі елдегі қаржы жүйесінің тұрақты жұмысын жариялау арқылы жұртшылықты тыныштандыруға тырысп жатыр.
Банктерден қомақты қаражат алынғанына қарамастан, банк шоттарында әлі де 17,5 трлн доллардан астам қаржы бар, яғни алынған ақша бүкіл соманың 0,6% құрады.
Айта кетейік, 10 наурызда Калифорния штатының қаржы реттеушілері соңғы 15 жылда ең ірі банкке айналған SVB-ді жауып тастады. Wall...