Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында ауқатты қазақстандықтар үшін газ бағасын көтеруді ұсынды.
Президенттің айтуынша, былтыр Қазақстанда тауар газының тапшылығы болды. Бұл жағдай бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіре жаздады.
«Мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін нарықты газбен қамтамасыз ету керек. Қазақстанда газдың бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда арзан. Шетелдегі сияқты әртүрлі тарифтерді бізге де енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн. Жалпы төмен тарифтер мен төмен бағалар экономикамызға теріс ықпал етеді. Бөлінген барлық субсидиялар көрші елдерге босқа кетеді. Қаншалықты қиын болса да, бұл мәселені біртіндеп шешу қажет. Басқа жол жоқ», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы ауқатты қазақстандықтар үшін газ...