Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 2,8 тоннаға жуық 76 676 құйма сатылған
2021 жылдың қаңтар айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 68,6 келі 1 771 алтын құйма сатты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады.
Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 2,8 тоннаға жуық 76 676 құйма сатылған.
Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түр...