ITS халықаралық сауда алаңы 2025 жылдың соңына дейін инвесторларға Үндістанның бағалы қағаздарымен сауда жасау мүмкіндігін беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ITS директорлар кеңесінің мүшесі Роман Горюнов «ITS Ideas 2025: Жаһандық нарықтағы инвестициялық мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» конференциясында мәлімдеді.
Горюновтың айтуынша, үнді қаржы нарығы өте жабық, халықаралық қатысушыларға кіруге болатын тәсілдер аз.
«Біздің аймақта алғаш рет үнді нарығына қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылмақ», – деді ол.
Жоспарға сәйкес, инвесторлар үнді нарығына single-stock ETF арқылы шықпақ. Бұл – жекелеген акциялардың қозғалысын қадағалап, соған сәйкес табыс табуға мүмкіндік беретін қорлар.
Конференция аясында үнді нарығының инвестициялық әлеуетін Alpha Alternatives...