Миллиардтаған бюджет қаржысы бөлініп, жақында ғана жөндеуген өткен Үлкен Алматы өзенінің жағалауы табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмады. Су арнасынан тасығанда, өзен жағалауындағы гранит тақтайшаларды шайып кеті. Бұған қала тұрғындарының Үлкен Алматы өзенінің жағалауынан түсірген суреттері дәлел.
Көпшіліктің назарын аударған фото кадрлардан жауын-шашыннан кейін су арнасының кейбір тұстарында гранит плиталардың орнынан қозғалып, жартылай бүлінгенін анық көруге болады.
Желі қолданушыларының пікірінше, гранит плиталар шамамен Науаи көшесіндегі 200-үйге қарама-қарсы тұстағы жағалаудан ажырап кеткен. Сондай-ақ жарияланған фотосуреттерден плиталардың астындағы бекітетін цементтің өте аз болғаны анық байқалады.
Десе де, көпшіліктің наразылығын тудырып, қызу талқыға себеп болған дүние – өзен...