Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, елорданың алдағы жылдардағы даму бағырына тоқталды.
Мемлекет басшысы Астананы тәуелсіз Қазақстанның жүрегі, ел үшін маңызды шешімдер қабылданатын орталық деп атады.
«Дәл осы Астанада егемен Қазақстанның жүрегі соғады. Елордамыз – Тәуелсіздіктің символы, болашаққа ұмтылған ұлттың жасампаздық қуатының көрінісі. Халқымыздың тағдырын айқындайтын маңызды шешімдердің барлығы осы қалада қабылданады», – делінген құттықтауда.
Президенттің айтуынша, бүгінде Астана ел дамуының басты қозғаушы күштерінің біріне айналды. Қалада «ақылды қала» жүйелері енгізіліп, жаңа саябақтар, гүлзарлар мен балалар алаңдары салынып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырылып жатыр.
Тоқаев Астана күні қарсаңында Халықтық Конституцияның күшіне енгенін тарихи оқиға деп...