Астанада даулы дрон-шоу ұйымдастырған Aspan Galaxy компаниясы кешірім сұрады. Компания директоры Сымбат Серік ресми парақшасында арнайы мәлімде жасады.
Оның түсіндіруінше, көпшілігі ойлағандай шоу Қала күніне арналмаған. Ондай ақпарат компания парақшасында да, әкімдік сайтында да жарияланбаған. Бірақ соған қарамастан қала тұрғындары оны Астана күніне арналған жоба деп қабылдаған.
«Бұл жеке коммерциялық шара еді. Біз алдын ала БАҚ-қа ресми ақпарат жібердік. Бірақ басылымдардың бір бөлігі оны Қала күніне арналған мерекелік бағдарлама ретінде таныстырды. Осының әсерінен көпшілігінде дұрыс пікір қалыптаспады», – дейді Сымбат Серік.
Жобаға қала әкімдігі де және жарнамаға тапсырыс берген Freedom Ticketon да жауапты...