Қырғызстан көрші елдерден 4 млрд кВт/сағ-тан астам электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің энергетика министрі Алтынбек Рысбеков мәлімдеді деп жазады Kaktus.Media.
Бірақ нақты қандай мемлекеттерден электр энергиясын сатып алатыны белгісіз, әзірге хабарланбады. Рысбеков тек бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанын атап өтті.
Энергетика министрлігі Орталық диспетчерлік қызметінің басшысы Ұлан Әбдірасуловтың дерегінше, қазір Қырғызстандағы бір тәуліктегі электр энергиясын тұтыну көлемі 45 млн кВт·сағаттан асқан. Бұл ретте кешкі уақыттағы ең жоғары жүктеме 2 332 МВт-ты құрады, оның 1 469 МВт-ы елдің солтүстігіне, ал 825 МВт-ы оңтүстігіне тиесілі.
Қырғызстан электр қуатын Өзбекстан немесе Қазақстаннан да сұрауы мүмкін. Былтыр күзде Орталы...