Toyota бір жылға жуық үзілістен кейін Toyota Land Cruiser 70 жол талғамайтын көлігіне Австралияда қайтадан тапсырыс қабылдай бастады. Бұл туралы Carscoops басылымы хабарлады.
Заманауи экологиялық талаптарға сай болу үшін көлікке AdBlue негізіндегі шығарынды газдарды тазарту жүйесі орнатылған. Сонымен қатар модельдің классикалық құрылымы мен жолсыз жердегі мүмкіндіктері өзгеріссіз сақталған.
Компания 2025 жылы сұраныстың жоғары болуы және жеткізілім көлемінің шектеулі болуына байланысты бұл модельге тапсырыс қабылдауды тоқтатқан еді. Енді Toyota Land Cruiser 70 қайтадан сатылымға шықты. Алайда әзірге оның барлық нұсқасына бірдей тапсырыс беру мүмкін емес.
Не өзгерді
Негізгі өзгеріс көліктің Euro 6d экологиялық стандартына сәйкестендірілуіне байланысты болды. Осы...