Wildberries онлайн-платформасының зерттеу деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың 83%-ы 8 наурыз мерекесін тойлауды жоспарлап отыр. Ал 76%-ы 40 мың теңгеге дейін сыйлық алуды көздеп отыр.
Сонымен бірге сауалнамаға қатысқандардың 82%-ы 8 наурызды жай демалыс күні емес, маңызды мереке деп санайды.
Қазақстандықтар үшін 8 наурыздың мәні
Көптеген азаматтар үшін бұл мерекені жақындарына көңіл бөлу мен қамқорлық таныту күні деп санайды.
Мерекенің басты символикасы:
Гүлдер мен сыйлықтар – 57% Қамқорлық пен нәзіктік – 53% Көктемнің символы – 42%Сыйлық көбіне кімге беріледі
Ең негізінен сыйлық алушылар – аналар қауымы. Ер адамдардың 74%-ы, ең алдымен, аналарын құттықтайтынын жеткізген.
Қазақстандықтардың 72%-ы...