Соңғы уақытта тыңдармандар арасында «Баянсұлу қайда кетті?», «Неге жаңа әндері шықпай жатыр?» деген сауалдар жиі қойыла бастаған болатын. Көпшіліктің көкейіндегі бұл сұрақтарға әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ресми түрде жауап берді.
Жұмыстың тоқтауы және жаңа кезең
Әнші Баянсұлу өзінің продюсерімен жұмыс қарым-қатынасын тоқтатқанын мәлімдеді. Өнер иесі бұл шешім оңай болмағанын, алайда шығармашылық жолда мұндай қиындықтар болып тұруы заңдылық екенін атап өтті.
«Иә, расында да мен продюсермен жұмыс тоқтаттым. Бұл оңай шешім болған жоқ. Бірақ өмір болғаннан кейін, жұмыс болғаннан кейін қиындықтар болып тұрады. Мен бәрін Алла өзі реттеп береді деп ойлаймын», – дейді әнші.