Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары Әулиекөл ауданында археологиялық зерттеу жүргізіп, үш қорым тапты. Олар б.з.д. VII-V мыңжылдықтарға жататын неолит дәуіріне тиесілі. Мамандар болжамынша, бұл олжа ел аумағындағы тас дәуірі археологиясын зерттеу үшін маңызды ғылыми дерек болып саналады.
Бір бала және ересек екі адам жерленген орын ежелгі тұрғын үйлердің едені астынан табылған. Мұндай олжа неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері арасында өте сирек кездеседі. Тұрғын үйдің едені астына жерлеу ежелгі кезеңде Орталық Азия мен оған іргелес өңірлердегі бірқатар мәдениеттерге тән болған.
Экспедицияның тағы бір маңызды нәтижесі – маханжар мәдениетіне тән ежелгі тұрғын үйлердің зерттелуі. Бұған дейін археологтар негізінен көне тұрақтарды...