Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты мәресіне жақындап қалды. АҚШ, Канада және Мексика жасыл алаңдарында өтіп жатқан дүбірлі доданың ең тартысты кезеңі – жартылай финалдық кездесулер басталады. Мундиальдың бас фавориттері саналған төрт үздік құрама финалдың жолдамасын сарапқа салады.
Франция – Испания: Алғашқы жартылай финал
14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні, сағат 00:00-де Франция мен Испания кездеседі. Матчты Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Франция плей-офф кезеңін сенімді бастаған француздар 1/16 финалда Швецияны (3:0) қапы қалдырды. Одан кейін Парагвайдан (1:0) айласын асырып, ширек финалда Марокконы (2:0) жарыс жолынан шығарды.
Испания болса плей-оффта Австрияны (3:0), Португалияны (1:0) және ширек финалда Бельгияны (2:1) тізе бүктірді.