Бішкек қаласының басшылығы мемлекеттік қызметкерлерді велосипедті белсенді тепкені үшін ынталандыра бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Қала әкімшілігі шенеуніктерге жұмысқа барып-келу үшін велосипедтерді пайдалануды ұсынады. Жоба көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға, сонымен қатар мыналарға көмектеседі:
велосипедті толыққанды қалалық көлік ретінде танымал етуге; экологиялық жағдайды жақсартуға; қалаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға.Жобаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады. Оған мэрияның құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің, сондай-ақ муниципалдық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қосыла алады. Белсенділік танытқаны үшін шенеуніктерді ынталандырып отырады.
«Бастаманың негізгі мақсаты – велосипедтің экологиялық жағдайды жақсартуға, денсаулықты нығайтуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға ықпал ететін ыңғайлы...