Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі бірінші жартыжылдықта 9,8%-ға өсіп, жаңа өндіріс орындары ашылғанымен, елдің негізгі салаларының бірі – металлургия әлі де жоспарлы деңгейге жете алмай отыр. Соған қарамастан, Үкімет жыл соңына дейін тағы 200 инвестициялық жобаны іске қоспақ.
Өңдеу өнеркәсібі өсім көрсетті
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, өңдеу өнеркәсібі бірінші жартыжылдықта 9,8%-ға өсті. Өсім машина жасау, химия, құрылыс материалдары, резеңке және пластмасса бұйымдары мен жеңіл өнеркәсіп салаларында тіркелген.
Қазірдің өзінде құны 252 млрд теңгені құрайтын 74 жоба іске қосылып, 4,3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал жыл соңына дейін жалпы құны 1,7 трлн теңгелік тағы 200 инвестициялық жобаны...