Қазақстанда сайлау немесе референдум жақындағанда «доллар қымбаттай ма?» деген сұрақ жиі айтылады. Бірақ 2015 жылдан бергі дерекке қарасақ, USD/KZT әр науқан алдында бір бағытта қозғалған жоқ: кейде доллар өсті, кейде керісінше арзандады.
Kursiv Media Ұлттық банк, ОСК және KASE деректеріне сүйеніп, президент сайлауы, парламент сайлауы және референдумдар алдындағы 1 айда теңге қалай өзгергенін салыстырды.
Сайлау алдында доллар арзандай ма?
Қазақстанда саяси науқандар жақындағанда валюта нарығына қатысты болжам көбейеді. Әсіресе доллар бағамы өседі деген пікір жиі айтылады. Алайда соңғы жылдардағы дерек мұндай тұрақты заңдылықты көрсетпейді.
2015 жылғы президент сайлауы алдында доллар бар болғаны 0,16% қымбаттаған. 2016 жылғы парламент сайлауы алдында...