Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес Астанадағы киген сахналық образдарын отандық дизайнерлер дайындады. Бұл жаңалықты дизайнер Зияда Бекбасова мен Алтынай Ракишева Jibek Joly арнасындағы «Бүгін LIVE» бағдарламасында айтты.
Концерт ұйымдастырушылары бізге Джей Ло командасымен жұмыс істеуді ұсынды. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Ұсынысты бірден қабылдадық, – деді Зияда Бекбасова.
Джей Ло командасы қазақстандықтардың кәсібилігіне көз жеткізген соң, тек бишілер мен музыканттарға ғана емес, әншінің өзіне арналған сахналық костюмдерді де сеніп тапсырған.
Барлық образдарды толықтай дайындадық. Бэк-вокалистер, бишілер мен музыканттарда әрқайсысында 5–6 костюм болды. Кейін олар бізге Джей Лоның костюмдерін де сеніп тапсырды...