Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва АҚШ президентінің тарифті көтеру туралы мәлімдемесіне жауап берді. Ол Дональд Трампты ешкім әлем императоры етіп сайлаған жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлайды.
Өткен аптада Дональд Трамп 1 тамыздан бастап Бразилияға баж салығын 50%-ға көтеретінін айтқан. Ол Лулаға жазған хатын өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жариялаған. Трамп Бразилияның экс-президенті Жаир Болсонаруды соттап жатқанына ренжіген.
Болсонару, Трамптың жақын одақтасы, Бразилияда билікті күшпен тайдыруға оқталды деген айыппен сот алдында жауап береді. Саясаткер қырық жылға сотталуы мүмкін.
Бразилия президенді да Сильва бейсенбі күні CNN телеарнасына сұхбат берді. Ол Трамптың қоқан-лоққысы «шектен шығып кетт...