Түркия президенті Реджеп Ердоғанның саяси бәсекелесі Экрем Имамоғлу 1 жыл 8 айға сотталды. Бұл туралы Hurriyet түрік басылымы хабарлады.
Басылым мәліметінше, сот Ыстанбұлдың бұрынғы әкімі Имамоғлуды «терроризммен күрес қызметінің өкілдерін қудалады» деген айып бойынша ақтады. Алайда сот саясаткерді «қызметін орындап жүрген азаматтарды көпшілік алдында балағаттағаны» үшін 1 жыл 5 айға, «қорқытып-үркіткені» үшін тағы 2 ай 15 күнге соттады. Имамоғлу барлығы 1 жыл 8 ай түрме жазасына кесілді.
Hurriyet сот процесі кезінде прокурор мен Имамоғлу арасында кикілжің болғанын жазды. Судья сотталушыдан анық сөйлеуін, тағылған айыптарды жоққа шығаруын сұраған. Саясаткер: «Түркияда осы уақытқа дейін мені осылай қыспақта ұстаған емес» деп жауап...