Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев орынбасары Дәурен Есімхановтан «таяқ жеді» деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
Сәпиевтің сөзінше, мемлекеттік қызметкер этикасын сақтау әрі арандатушылыққа жол бермеу үшін рингтен тыс ешкімге күш қолданған емес.
«Әлеуметтік желі мен БАҚ-та тарап жатқан жағдайға қатысты айтар болсақ, мен мемлекеттік қызметшімін және өз міндеттерімді орындау кезінде мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтаймын. Бала кезімнен жаттықтырушылар мені рингтен тыс жерде күш қолданбауға үйретті. Өз күшімді жақсы бағалаймын, барлық әрекеттерім үшін жауапты екенімді білемін. Сондықтан арандатушылыққа жол бермеймін. Әңгіме осымен тәмам», – деп жазды Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта...