Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, су көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптарын қысқартып, егіс құрылымын қайта қарамақшы. Бұл туралы вице-министр Азат Сұлтанов хабарлады.
Биылғы жалпы егіс көлемі 23,8 млн гектарды құрайды. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға көп.
Басымдық жоғары табысты дақылдарға берілді. Осы жылы келесі дақылдардың егіс алқаптары ұлғайтылады:
майлы дақылдар – 4 млн гектардан астам (өткен жылмен салыстырғанда 74 мың гектарға көп); азықтық дақылдар – 3,3 млн гектар (237 мың гектарға артық); жүгері – 265 мың гектарға дейін.Сонымен қатар ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықтардағы картоп егіс көлемі 10 мың гектарға...