Twitter-дің негізін қалаушылардың бірі Джек Дарси интернетсіз жұмыс істейтін Bitchat мессенджерін іске қосты.
Көпшілік қолданып жүрген мессенджерлер интернетпен ғана жұмыс істесе, Bitchat mesh-желі технологиясын пайдаланады. Смартфондар Bluetooth желісі арқылы тікелей байланысып, бір-бірімен бірнеше жүз метр жерден хабар алмаса алады.
Мұндай мессенджерді байланыс жоқта немесе бұғатталған уақытта пайдалануға болады. Мәселен, көп адам жиналған іс-шара, концерт, футбол, митинг, табиғи апат болған кезде, сонымен бірге шалғайдағы аудандарда соның көмегімен хабар алмаса аласыз.
Bitchat телефон нөмірімен немесе email көмегімен тіркелуді талап етпейді. Чаттардың бәрі құпия сақталады. Мәліметтер смартфонның өзінде қалады.
Қолданушы хабар алмасу аймағынан тыс жерге шығып кеткен күннің өзінде оның хабары кейінірек...