Депутат Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді мәжбүрлеп жиындарға қатыстыруға жаза қарастырылғанын айтты. Оның айтуынша, бұл үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлетеді.
«Қазір мұғалім қандай да бір жиындарға, іс-шараларға өз шешімімен барады. Егер мәжбүрлеп апарса, сабақ үстінен алып кетсе, нақты жауапкершілік те, айыппұл да бар», – деді ол.
Депутат сөзіне қарағанда, бұл үшін заңды тұлғалар да, жеке азаматтар да жауапкершілікке тартылады.
«Мұндай ұсақ-түйек нәрсемен полицияға барудың өзі оңай емес. Олардың да жұмысы шаш етектен. Сондықтан педагогтардың мәртебесі туралы заңды қабылдаған 2019 жылы біз мынадай шешім қабылдадық. Егер мұғалімнің құқығын бұзатын болса, ол полицияға емес...