Ресей Тоқаевтың Каспий бейбітшілік аймағы болуы керек деген ұсынысына келісті. Ол туралы көрші елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров әріптесі Ермек Көшербаевпен кездесуінде айтты.
«Бірлескен жұмыстың тағы бір өзекті бағыты – Каспий. Біз АҚШ-тың қарулы агрессияны өршітуі мен Иранға қатысты тым қатал ұстанымы Каспий теңізі мен оның жағалауына теріс әсерін тигізгенін мойындауға мәжбүрміз. Каспий бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы болып қалуға тиіс», – деді ол.
Сондай-ақ Таяу Шығыстағы дағдарысқа қатысты Қазақстанның «салмақты ұстанымы» үшін ризашылық білдірді.
«Біз барлық тартылған тараптар арасында саяси келісімдерге қол жеткізуді көздей отырып, Парсы шығанағы мен жалпы Таяу...