Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ұлыбританияда дүниеге келген бір жасар қыз елге аман-есен оралғанын хабарлады.
Комитеттің дерегінше, сәбиін шетелде туған анасы одан бас тартқан. Содан бала Ұлыбританиядағы балалар үйінің қамқорлығына алынған. Кейін Ұлыбританияның құзырлы органдары сәбиді британдық отбасыға асырауға беру мүмкіндігін қарастырған. Сондықтан бұл жағдай шұғыл әрекет етуді талап еткен. Қазақстан тарапының үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде сәби өзінің туған әжесімен және әкесімен қауышқан.
Мамандардың баланың туыстарымен жүргізілген профилактикалық жұмыс барысында қыздың әжесі мен әкесі баланы өз қамқорлығына алып, отбасында тәрбиелеуге ниетті екенін білдірген.
«Кішкентай отандасымызды елге қайтару үшін ҚР Сыртқы істер...