Түркия елдегі көші-қон ағынын реттеуге кірісіп, заңды тұруға рұқсат беретін түріктің «икамет» құжатының құнын көтерді. Енді шетелдік азаматтар ықтиярхат алу үшін көбірек ақша төлеуге мәжбүр болады.
Бұрын Қазақстан азаматтары үшін бір жылдық сома шамамен 40 мың теңгені құраса, бұдан былай 300 мың теңгеден асады. Студенттер үшін, әдетте, жеңілдіктер қарастырылған.
Жаңа тарифтер рұқсаттың жарамдылық мерзіміне байланысты және өз күшіне еніп қойды.
Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Түркияда ықтиярхат рәсімдеу құны мынадай:
1 жылға — 31 111,50 түрік лирасы (шамамен 327 мың теңге); 2 жылға — 57 899,10 түрік лирасы (шамамен 608 мың теңге); 3 жылға — 84 686,70 түрік лирасы (шамамен 890 мың теңге).Көрсетілген сомаларға...