Солтүстікте күн жылы, оңтүстікте аптап ыстық, ал батыста жаңбыр жауады деп болжануда. «Қазгидромет» 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде ауа температурасы +6…+8°C, күндіз + 25…+27°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде температура +11…+13°C, күндіз + 25…+27°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с., түнде ауа температурасы +14…+16°C, күндіз + 30…+32°C. Ақтауда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы +10…+12°C, күндіз + 15…+17°C. Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 2-7, екпіні 10 м/с., түнде ауа температурасы +6…+ 8°C, күндіз + 8…+10°C. Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с., түнде...Жаңалықтар
Елордада ауа райының жылынуымен бірге жол-құрылыс жұмыстары қызу басталды. Биыл Астанада жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 50-ге жуық көшені жөндеу жоспарланып отыр. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек биылғы маусымда атқарылатын негізгі жұмыстар мен жаңадан салынатын нысандардың тізімін жариялады.
Биыл қай көшелер жөнделеді?
Сәуір айынан бастап қаланың бірнеше маңызды учаскелерінде жөндеу және құрылыс жұмыстары қолға алынды. Олардың қатарында:
Орталық көшелер: Республика даңғылы (А. Иманов көшесінен вокзалға дейін), Кенесары көшесі (Ә. Сембиновтен Сарыарқаға дейін), Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылыстары. Жаңа аудандар: Е68 көшесі, Б. Соқпақбаев көшесінің жалғасы және Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі Абайдың 150 жылдығы көшесі. Шет аймақтар: Ақан сері және...Еуропалық комиссия Meta корпорациясына қатысты алдын ала қорытынды шығарды. Компания Facebook пен Instagram желілерін 13 жасқа толмаған балалардың пайдалануына тосқауыл қоя алмады, деп хабарлады The Guardian.
Пайдаланудың жеке ережелеріне сәйкес, бұл екі платформа үшін де ең төменгі жас мөлшері болып саналады. Комиссия компанияда балалардың кіруін шектейтін тиімді механизмдер жоқ екенін көрсетті. Алдын ала бағалау бойынша, Meta цифрлық қызметтер туралы акт (DSA) талаптарын бұзған.
Компания тұжырымдармен келіспеді. Ондағылар кәмелетке толмағандардың аккаунттарын анықтау және жою бойынша шаралар қолданып жатқанын және бақылау технологияларын дамытуды жалғастыратынын мәлімдеді.
Егер бұзушылықтар расталса, компанияға жаһандық жылдық айналымның 6%-ына дейін айыппұл салынуы мүмкін. 2025 жылы Meta-ның түсім...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың өкілдерін қабылдады. Кездесуде Қазақстанның цифрлық трансформациясы мен есептеуіш инфрақұрылымын дамытудың стратегиялық бағыттары сөз болды.
Президентпен кездесуге NVIDIA компаниясының жаһандық ЖИ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Николо Мартин Капрез, сондай-ақ Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимян және Александр Есаян қатысты.
Цифрлық мемлекетке айналу жоспары
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жақын арадағы басымдықтарын айқындап берді. Мемлекет басшысы еліміздің алдағы үш жыл ішінде толық цифрлық елге айналуды мақсат етіп отырғанын қадап айтты.
Бұл мақсатқа жетуде NVIDIA технологияларына негізделген суперкомпьютер кластерлерін іске қосу шешуші рөл атқармақ. Президенттің пайымынша, бұл қадам еліміздің технологиялық дербестігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Екібастұз...
Сәрсенбі күні апелляциялық сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді тұтқындауға кедергі жасады деген айыппен оған берілген түрме жазасын бес жылдан жеті жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды Yonhap агенттігі.
2026 жылдың қаңтарында бірінші сатыдағы сот экс-президентті 2024 жылдың желтоқсанында Юнның қысқа мерзімге әскери жағдай енгізуіне байланысты айыптар бойынша бес жылға бас бостандығынан айырған болатын. Прокуратура оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.
Осылайша, Сеулдің апелляциялық соты бұрынғы президентті өткен жылы тергеушілердің оны ұстауына кедергі келтіргені үшін кінәлі деп танып, неғұрлым қатаң жаза кесті.
Еске сала кетейік, Юн Сок Ёль 2025 жылдың шілдесінен бері қамауда отыр...
Алматыда полицейлер пәтерін иемденбек болып, ұрлап әкеткен және еріксіз ұстаған 81 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Зейнеткердің танысы дабыл қағып, ер адам байланысқа шықпай қалғанда полицияға жүгінген. Жедел уәкілдер бірден іздестіру жұмыстарына кірісті.
Қария қала маңындағы ауылдардың бірінен табылды. Ол жергілікті тұрғындардың үйінде болған. Адам ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды: екі ер адам және бір әйел.
Полицияның мәліметінше, қаскөйлер зейнеткердің сенімі мен дәрменсіз күйін пайдаланған. Ер адамды заңсыз ұстап, жылжымайтын мүлікті өздеріне қайта жаздыруға көндірген.
Адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Азаматтардың уақтылы жүгінуі мен...
Германияда Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен қазақстандықтың ұсталғаны туралы хабарламалардан кейін ҚР СІМ ГФР-дің құзыретті органдарына ресми сауал жолдады.
Қазір сыртқы саясат ведомствосы неміс тарапынан жауап күтіп отыр. Сондай-ақ, СІМ бұл мәселе бақылауда екенін айтты.
Мәселенің мәні
Айта кетейік, Қазақстан азаматы Сергей К. 28 сәуір күні Германияның Федералдық прокуратура оны тұтқындап, оның тұрғынжайы мен тағы бір айып тағылмаған тұлғаның үйіне тінту жүргізгенін жазған едік.
Бас прокурор Сергейді ресейлік барлау қызметінің агенті ретінде әрекет етті деп айыптап отыр. Тергеу мәліметінше, ол Германияның Украинаға көрсетіп жатқан әскери көмегі мен неміс қорғаныс өнеркәсібі туралы деректерді, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары...
Астанада Еуропалық одақтың қолдауымен «Shanyraq» атты ауқымды жобаның тұсауы кесілді. Үш жылға жоспарланған бастама еліміздегі мұқтаж жандардың лайықты баспанаға ие болу құқығын іске асыруды көздейді.
2026 жылғы 29 сәуірде елордадағы «Отбасы Банк» АҚ бас кеңсесінде маңызды іс-шара өтті. Жиынға мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары мен құрылыс компанияларының өкілдері қатысып, тұрғын үй мәселесін шешудің жаңа жолдарын талқылады.
Баспана – таңдаулылардың емес, баршаның құқығы
Еуропалық одақ өкілдігінің өкілі Хуана Мера Кабелло ханым атап өткендей, жобаның негізгі мақсаты – инклюзивті қоғам құру.
«Қауіпсіз, лайықты әрі қолжетімді баспана бұл – таңдаулылардың ғана емес, әр адамның ажырамас заңды құқығы. Біз «Shanyraq...
Өскеменде міндетін атқаруға барған сот орындаушысы – әйел адамға шабуыл жасалды.
Бұл туралы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, KursivMedia хабарлайды.
«21 сәуірде сағат 19:00 шамасында Өскеменде жеке сот орындаушысы қызметтік міндеттерін атқару кезінде алимент бойынша борышкердің тұрғылықты мекен-жайына жеке автокөлікпен келген», – делінген ақпаратта.
Палатаның ақпаратынша, оқиға былай өрбиді. Оның жанына белгісіз адам келіп, дыбыстық сигнал беруге байланысты дөрекі ескерту жасаған. Әйелдің жеке сот орындаушысы екенін біліп, алдымен көлігіне тас лақтырған. Содан соң жерге құлатып, тепкілеген.
Күдікті оқиға жерден қашып кеткенімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде анықталып, ұсталған. Бірақ күдіктінің сот орындаушының қолға алға...
TIME басылымы «TIME100 Companies: Industry Leaders» рейтингін жариялап, жасанды интеллект нарығындағы 10 негізгі ойыншыны таңдады.
Тізімнің көш басында TikTok иесі ретінде танымал ByteDance компаниясы тұр. Платформа шығарған Doubao ассистентін аптасына 155 миллионнан астам адам қолданады. Осы үшін де ЖИ алпауыты атанған.
Екінші орында «Project Rainier» атты ауқымды инфрақұрылымы мен жеке чиптерін шығарғаны үшін Amazon орналасты. Қытайлық Zhipu компаниясы батыстық технологияларға сүйенбей, 744 миллиард параметрі бар GLM-5 моделін жасап шығып, үштікті қорытындылаған.
Бұдан бөлек тізімде ChatGPT сервисімен аптасына 900 миллион пайдаланушы жинаған OpenAI мен Alphabet (Google) компаниясы бар. Сондай-ақ Claude моделін шығарған Anthropic, Alibaba және Hugging Face платформасы...
Шағын және орта бизнес Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл сектор ЖІӨ-нің шамамен 40%-ын құрады, яғни, 2020 жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев айтты.
«Бүгінде ШОБ-тың үлесі ЖІӨ-нің 40%-на жуықтады. Біздің міндетіміз – кәсіпкерлерді қолдайтын, қосымша кедергілер жасамайтын бизнеспен өзара қарым-қатынастың сервистік моделін құру», – дейді ол.
ШОБ-та елдің экономикалық белсенді халқының 50%-дан астамы, яғни 4,7 млн адам жұмыспен қамтылған.
Соңғы бес жылда бұл сектордағы кәсіпкерлер саны 1,6 есе өсті. Орта бизнестің даму қарқыны баяу, бұл компаниялардың шағыннан орта форматқа өтуінде қиыншылықтар...
Белгілі дәрігер, қоғам қайраткері Бақыт Түменова 78 жасында дүние салды. Ұзақ жылдар бойы «Амансаулық» қоғамдық қорын басқарған белсенді Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуына көп үлес қосты.
Азалы хабар
Түменованың дүниеден өткені туралы азалы хабарды алғашқылардың бірі болып азаматтық белсенді Рафаэль Гасанов Facebook-тегі парағында естіртті.
«Түменова Бақыт Ниязбекқызы, «Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті, 78 жасында дүниеден өтті», – деп жазды ол.
Гасанов марқұмның қоғамға сіңірген еңбегін атап өтті.
«Ол бүкіл ғұмырын қоғам денсаулығына, аурудың алдын алуға, денсаулыққа деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға арнады», – деді азаматтық белсенді.
Ірі тұлға
Түменова...
«Отбасы банк» мамырдағы мерекелерге байланысты қаражаттың шотқа түсуі кешігуі мүмкін екенін хабарлады.
Депозиттерді толықтыру және несиелерді өтеу операциялары бойынша ақшаның шотқа түсу мерзімдері өзгереді.
30 сәуір, 1 және 2 мамыр күндері сағат 21:10-ға дейін жасалған төлемдер сол күні – 30 сәуірде есепке алынады.
Алайда 2 мамыр сағат 21:10-нан кейін жасалған аударымдар, сондай-ақ 3 мамырдағы барлық төлемдер тек 4 мамырда түседі.
7 мамырдағы төлемдер 8 мамырда түседі. Ал 8 мамыр сағат 21:30-ға дейінгі аударымдар 9 мамырда есепке алынады. 9-ы сағат 21:30-дан кейінгі, сондай-ақ 10 және 11 мамырдағы төлемдер тек 12 мамырда түседі.
Яғни мереке күндері кейбір банктік операциялар...
Мәжіліс отырысында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков алимент төлеуден қашатын жосықсыз азаматтарға тексеріс қатаңдайтынын айтты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда кейбір қызметкерлер алиментті аз төлеу үшін ресми жалақысын әдейі төмендетіп көрсетеді. Мысалы, табысын 70 мың теңге деп белгілеп, қалған соманы қолма-қол алады. Болашақта мұндай жағдайды болдыртпау үшін енді компаниялардың есепшілеріне push-хабарламалар жолдана бастайды.
Push-хабарлама деген не және олар қалай жұмыс істейді?
Әділет министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, есепшілерге арналған хабарламалар жүйесін әзірледі. Егер қызметкердің еңбекақысы оның мамандығы мен біліктілігіне сай келмейтіндей тым төмен болса, компанияға ескерту жіберіледі.
«Мәселен, Астанада жұмыс істейтін инженер қалайша 200 мың теңгеден...
Қазақстандық Astana Motors компаниясы Great Wall Motor (GWM) брендінің Польшадағы дистрибуция құқығын алды.
Autochinakz ақпаратына қарағанда, бұл туралы Бейжіңдегі автосалонда компанияның негізін қалаушы Нұрлан Смагұлов мәлімдеген.
«GWM автокөліктері Astana Motors портфеліндегі Қытай автопромының алғашқы өкілдері болды. Сенімділігі, қауіпсіздігі мен заманауи технологияларының арқасында кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктерді ұнататындар арасында танымал. Енді GWM-мен бірге біз Польша нарығына шығамыз. Бұл – Орталық Еуропадағы ең ірі экономика. Бұл біз үшін маңызды әрі жауапты қадам», – деді Нұрлан Смагұлов.
Great Wall Motor Еуропалық одақта белсенді түрде кеңейіп келеді. Ал Польша негізгі кіру нүктелерінің біріне айналып жатыр. Бұл...
Air Astana әуе компаниясының бас атқарушы директоры (CEO) Ибрахим Жанлыел Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе қатынасын орнатуға бірнеше фактор кедергі болып тұрғанын айтады.
Тікелей рейстерді ашуға, ең алдымен, алыс қашықтыққа ұшуға қабілетті заманауи әуе кемелері қажет. Қазір компания Boeing 787 Dreamliner ұшақтарын жеткізіп жатыр.
Жоспар бойынша алғашқы ұшақ биыл қолданысқа берілсе, қалғандары 2026-2027 жылдар аралығында келеді. Техникалық базаның толығуы АҚШ-қа бағыт алудың алғашқы қадамы болуы ықтимал.
Ресейге салынған санкция кедергі
Рейстің іске қосылуын тежеп тұрған күрделі мәселенің бірі – ұшу маршруты. Оңтайлы бағыт Ресейдің әуе кеңістігі арқылы өтуге тиіс...
FlyArystan әуе компаниясы 2026 жылғы 31 мамырдан бастап Астана мен Үрімші қалалары арасында ұшақ қатынай бастайтынын хабарлады.
Қытайға жаңа рейс
Сұранысқа ие халықаралық бағыттардың бірі қайтадан ұшу кестесіне енгізілді. Үрімші – Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесінің әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы.
Әуе компаниясы жаңадан ашылған рейс Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе байланысын нығайта түседі деп сипаттады.
«Астана – Үрімші рейсінің қайта жандануы – тобымыздың мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізген ауқымды әрі жүйелі жұмысының нәтижесі. Біз үшін бағыттарды жай ғана қайта ашу емес, тұрақты көлік байланысын қамтамасыз етіп, жолаушылардың нақты сұранысын қанағаттандыру маңызды», – дейд...
Айсара Уәлиханованың №117 «Қызылорда–Павлодар» пойызында болған келеңсіз оқиға туралы шағымынан кейін Көліктегі полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Құқық қорғау органдары қоғамдық орында тәртіп бұзған жолаушының жеке басын анықтап, тиісті шаралар қолданды.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеріс нәтижесінде құқық бұзушы анықталды. Оған қатысты бірден екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалған.
Ер адамның алкогольдік ішімдік тұтынғаны расталып, хаттама толтырылды. Жолаушы әйелге тиісіп, балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік өндіріс басталды.
«Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше...
Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Чех үкіметінің жетекшісі Қазақстаннан мұнай тасымалдығысы келетін ниетін жеткізді.
«Біз Қазақстанды стратегиялық серіктес санаймыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты тауар айналымының көлемін арттырамыз деп сенемін. Ең алдымен, энергетика саласындағы ықпалдастықты нығайтқымыз келеді. Сіздің елден ұзақ мерзімді мұнай тасымалына мүдделіміз. Энергетика саласын дамыту стратегиямыз атом энергиясына арқа сүйейді. Сондықтан Қазақстанға әлемдегі уран өндіретін ірі мемлекет ретінде де қызығушылық танытамыз», – деді Чехия премьер-министрі.
«Шенген визасын жеңілдетуге көмектесеміз»
Бұдан бөлек Андрей Бабиш Еуропалық Одақпен виза мәселесін шешуге де көмектесуге уәде берді.
Роза Әлқожа Шымкентте өткен концерттен бір тиын пайда көрмегенін айтып шағымданды. Тіпті, енді сахнаға шығудан бас тартпақ.
Қазір әнші Қытайдың Гуанчжоу қаласында жүр. Сол жақтан әлеуметтік желі арқылы отандастырына сәлем жолдап, ренішін жеткізді.
«Аяқ астынан Гунчжоуға кетіп қалғаным қандай жақсы болған. Концерттің шығыны мен кірісін айтқан кезде, күлкім келіп жатыр. Шымкенттегі концерттен бір тиын пайда болмады. Баяғыда Қызылорда мен Ақтөбеде Дастан деген жігіт концерт өткізіп, үш жарым миллион қарызын әлі берген жоқ. Қанша жыл болды», – деді әнші.
Роза Әлқожаның сөзіне қарағанда, маңдай терінің ақысын ала алмай жүр. Еңбегінің қызығын концерт ұйымдастырушылар көріп жатыр.
«Осындай концерттерге...
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Болашақ» бағдарламасында шикілік барын айтып, ашықтықты талап етті.
Осыған дейін Халықаралық бағдарламалар орталығы төрағасының орынбасары Абай Рахмет «Болашақ» стипендианттарының шәкіртақысын 10–15%-ға өсуі мүмкін екенін хабарлаған. Орталық төрағасының айтуынша, соңғы 15 жылдан астам уақыт шәкіртақыға индексация жасалмаған.
Алайда Бақытжан Базарбек бұл идеяны қолдамады.
«Егер миллиардтаған заңбұзушылықтар туралы сөз болып отырса, мен мұны негізді қадам деп санамаймын», – деді ол.
Базарбектің айтуынша, кейбір «Болашақ» стипендианттары оқу бітірген соң, Қазақстанға оралып, жұмыс істеу талабын орындамай жүр. Оларға қандай шара қолданғаны жайлы ақпарат та жарияланбайды.
«Ақшаның қайтарылғаны, келісімшарттың бұзылғаны немесе...
Берлин автожолдарындағы әскери көліктер мен қаладағы ғимараттарды суретке түсіріп, оны ресейлік барлау қызметіне беріп отырған күдікті қолға түсті. Федералдық прокуратураның мәліметінше, ұсталған ер адам 2025 жылдың мамырынан бастап Германия аумағында жүріп, Ресейдің арнайы қызметтерімен тұрақты байланыста болған деп жазады Euronews.
Күдікті – Қазақстан азаматы Сергей К. 28 сәуір күні Федералдық прокуратура оны тұтқындап, оның тұрғынжайы мен тағы бір айып тағылмаған тұлғаның үйіне тінту жүргізді.
Бас прокурор Сергейді ресейлік барлау қызметінің агенті ретінде әрекет етті деп айыптап отыр. Тергеу мәліметінше, ол Германияның Украинаға көрсетіп жатқан әскери көмегі мен неміс қорғаныс өнеркәсібі туралы деректерді, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен...
Әлемдік авиация нарығы бүгінде үлкен сынақ алдында тұр. Air Astana әуе компаниясының басшысы Ибрахим Жанлыел Алматыда өткен жиында әуе отынының қымбаттауы билет бағасына да әсер ететінін айтты.
Әуе компаниялары банкрот болып жатыр
Қазір әлемдік нарықта авиаотын бағасы бірден 120%-ға шарықтап кеткен. Бұл жай ғана сан емес, өйткені ұшақ шығынының үштен бір бөлігі (шамамен 30%-ы) тек жанармайға жұмсалады.
Мұндай қымбатшылыққа төтеп бере алмаған бірнеше халықаралық тасымалдаушы банкротқа ұшырағанын жариялады.
«Өткен аптада бірнеше әуе компаниясы банкроттыққа өтініш берген, ал бүгін таңертең тағы екеуінің нарықтан кеткенін білдік. Бұл жай ғана статистика емес, авиация саласындағы дабыл қағарлық жағдайы...
Енді оқушыларға мектепте смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін. Соңғы шешімді Оқу-ағарту министрлігі қабылдайды.
Мәжіліс депутаттары «Педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері» жөніндегі заң жобасы бірінші оқылымда қарады. Құжат орта білім беру ұйымдарында ұялы телефонды пайдалану бойынша бірыңғай ережелерді бекітуді ұсынады.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазіргі таңда әр мектеп смартфондарды қолдану тәртібін өз бетінше белгілейді. Депутаттар барлық оқу орындары үшін ортақ ереже енгізуді және мобильді құрылғыларды қолдану туралы шешімді Оқу-ағарту министрлігіне беруді ұсынды.
«Бірыңғай ережелер жоқ. Іс жүзінде бұл көптеген мектеп директорларының нақты шешім қабылдаудан бас тартуына себеп болып отыр. Себебі олар ата-аналармен пікірталастардан, шағымдардан қорқады. Нәтижесінде бір...