Ресейлік миллиардер Андрей Мельниченконың отбасына тиесілі «Үшгер» тау-кен химия компаниясы 2025 жылды қорытындылай келе, тағы да қомақты шығынға ұшырағанын мәлімдеді. Осыған байланысты компания биыл да акционерлерге дивиденд төлеуден бас тартты. Хабарлама қаржы есептілігі депозитарийінде жарияланған.
Компания шығыннан көз ашпай келеді
«Үшгер» тау-кен химия компаниясы» акционерлік қоғамының жалғыз акционері 2025 жылдың қорытынды есебін бекітті. Ресми құжатқа сәйкес, кәсіпорынның өткен қаржы жылындағы таза шығыны 425 558 000 теңгені құраған.
Қаржы жағдайының мәз болмауына байланысты компания басшылығы дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады.
Меншік құрылымы күрделі
«Үшгер» компаниясының иелік ету тізбегі халықаралық деңгейдегі күрделі құрылымға ие...