Kursiv Uzbekistan ұйымдастыруымен Ташкентте «Капитал нарығы: инвестициялау үшін жаңа мүмкіндіктер» атты конференция өтті. Инвестиция нарығы белсенді дамып жатқандықтан Өзбекстан сырттан келетін инвесторлар үшін тартымды бола түсті. Шараға қатысқан Шетелдік инвестиция тарту бойынша агенттік директоры Мансуржон Расулов осылай деп мәлімдеді.
«Өзбекстанды өзге елдермен салыстырғанда, нарықтық экономикаға көшкеніне көп бола қойған жоқ», – деп атап өтті ол.
Әзірге, Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанбады. Бұл бір жағынан инвесторлар үшін ерекше мүмкіндік. Олар халықаралық ережелерге сүйенбей, жергілікті нарықтағы өте ыңғайлы жағдайда жұмыс істей алады. Түркіменстан тәрізді елдермен салыстырғанда осының өзі Өзбекстан үшін ерекше артықшылық деп атап...