2026 жылы Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын рәсімдеу қымбаттады. Нотариус арқылы мәмілені рәсімдеу айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты болып отыр. Бұл туралы kursiv.media krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2026 жылы мәміле құны қанша тұрады?
Нотариустың қызмет ақысы мәмілеге қатысушыларға байланысты есептеледі:
Егер сатушы мен сатып алушы жеке тұлғалар және жақын туыс болмаса: 12 АЕК – 51 900 теңге. Егер тараптар жақын туыстар (ата-ана, бала, жұбайы, немере, бауырлар): 7 АЕК – 30 275 теңге. Егер тараптардың бірі заңды тұлға болса: 17 АЕК – 73 525 теңге.Жұбайының келісімін нотариалды түрде растау: 1,5 АЕК – 6487 теңге.