2025–2026 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап Алматы қаласындағы барлық мектеп BilimClass тегін электронды журналына көшеді. Қалалық білім басқармасы мұндай шешімді платформа 15 мектепте пилоттық сынақтан сәтті өтіп, жан-жақты талдау жүргізген соң қабылдаған.
Платформа жайлы
BilimClass – Bilim Group компаниясының толықтай қазақстандық өнімi. Серверлері Қазақстан аумағында орналасқан, бұл – пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді. Платформа Қазақстан заңнамасының барлық талабына сай келеді.
«Қазіргі уақытта BilimClass платформасын еліміздің 11 өңірінде – Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2,5 млн оқушы мен 350 мың мұғалім пайдаланып...