Түнгі клубта аяусыз төбелес шығарған Қостанайдың үш тұрғыны нақты мерзімге сотталды. Істі №2 қалалық сот қарады. Іс бойынша үш айыпталушы болған еді. Оларға денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бұзақылық жасады деген айып тағылды.
Оқиға қашан болды?
Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2025 жылдың жазында болған. Бір топ жас жігіт клубта демалып, ішімдік ішкен. Би алаңында олардың бірі басқа адаммен кездейсоқ шынтақтасып қалған. Жанжал бірден өршіп кеткен. Топ мүшелерінің бірі бейтаныс ер адамның дәл көзінен жұдырықпен ұрған. Соққының қатты болғаны сонша, жәбірленуші еденге құлаған.
Шабуылдаушылар мұнымен тоқтап қалмаған. Көшеге шыққан соң олар өзара төбелесті жалғастырып, бірнеше адамға бірдей...