Мүфтият 2026 жылы қажылыққа бару тәртібі өзгергенін ескертті. Мекке әл-Мукаррам өңірлік филиалы қажылық маусымына қатысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптар жариялаған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, Сауд Арабиясының билігі қабылданған шаралар қажылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құлшылықты тыныш өткізу мақсатында енгізіліп отыр.
Мүфтият негізгі екі талапты жариялады:
2026 жылғы 18 сәуірден 31 мамырға дейін «Nusuk» платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады; 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.Осы талаптарды бұзғандар Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. Сол елдің құзырлы органдары азаматтарға ережелерді қатаң сақтауға, қажылық маусымын...