Елдің көп бөлігінде таңертең тұман түседі. «Қазгидромет» 19 қарашаға Қазақстанның барлық аумағына ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде ауа температурасы -2…-4°C, күндіз + 5…+7°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., түнде температура +3…+ 5°C, күндіз + 13…+15°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде + 4… + 6°C, күндіз +16…+18°C. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы +4…+6°C, күндіз + 15…+17°C. Ақтөбеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз + 7…+9°C. Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с., ауа температурасы түнде...Жаңалықтар
«Қайрат» футбол клубы Астанадағы ойын билетінің бағасы Алматыдағы ойынға қарағанда арзан болуы себебін түсіндірді.
Клубтың билет бағасына қатысты ресми түсіндірмесіне сүйенетін болсақ, осыған дейінгі билет бағасының қымбат болуына УЕФА-ның Алматыдағы Орталық стадионда өтетін барлық ойынға бір бағаны бекітуі себеп болған. Енді ойын Астанаға ауысқандықтан, клуб билет бағасын түсіруге мүмкіндік алған.
«Бұған дейін «Қайрат» ФК УЕФА-ның баға саясатына сәйкес Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға арналған билеттің бағасы бекітілген әрі өзгермейтінін хабарлаған болатын. Бұл баға саясаты Алматыдағы Орталық стадионда өтетін барлық ойынға бекітілгендіктен, сол жағдайларда қайта қаралуы мүмкін болмады. Алматыдағы қолайсыз қысқы жағдайларға байланысты матчтарды...
Reuters агенттігінің хабарлауынша, yanchang Petroleum мұнай өңдеу компаниясы батыс елдерінің санкциясына байланысты ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатқаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстаннан 3 миллион баррель шикі мұнай сатып алған.
Қытайлық YANCHANG Petroleum МӨЗ 3 млн баррель шикі мұнай сатып алған. Оның ішінде швейцариялық Mercuria трейдері арқылы Абу-Дабиден 2 млн баррель Murban алса, Қазақстаннан 1 млн баррель CPC Brend маркалы (Каспий құбыр консорциумы арқылы өтетін мұнай) мұнай алған. Сатып алу бағасы белгісіз.
Өткен аптада Янчанг желтоқсан мен ақпан айының ортасы аралығында жеткізу үшін ресейлік емес мұнай сатып алуға тендер жариялады. МӨЗ Шэньси провинциясында орналасқан. Зауыт тәулігіне 348 мың баррельге...
Астанада басына кондиционер құлап, ауыр жарақат алып, қайтыс болған 23 жастағы марқұм Ұлдана Қалдарханқызы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Ақорда ақпаратына сүйенсек, Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерін марапаттау туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.
«Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы жолдамалы бригадасының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын», – делінген жарлықта.
Еске салайық, 8 қараша күні Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған. Сол кезде көмекке келген екі фельдшердің басына кондиционер құлап, жалпы 5 адам жарақат алған...
Алматыда балаларға арналған «Жолбарыстың Ұлы Жібек жолындағы қызықты және тәлімді шытырман оқиғалары» атты сауаттылық кітабы таныстырылды. Шығарманы Freedom LIFE сақтандыру компаниясы мен ҚНРДА (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) бірлесіп әзірледі.
Кітаптың авторы – жазушы Аблимит Рахматулаев. Сюжетте басты кейіпкер, Жолбарыс есімді бала Ұлы Жібек жолы дәуіріне түсіп, онда адамдар арасындағы сауда, қаржы және сенімнің қалай пайда болғанын біледі. Оның шытырман оқиғалары арқылы балалар ақшаның не екенін және шығындарды қалай дұрыс жоспарлау керектігін түсінуі керек.
Басылым қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Барлық таралымды білім беру мақсатында тегін тарату жоспарлануда. Бұл, әсіресе, көптеген ересек адамдар ойластырылмаған шығындарға байланысты несиеге...
Оңтүстік кореялық зерттеушілер тіс тінін қалпына келтірудің жаңа технологиясын ұсынды, ол дәстүрлі тіс тінін емдеуді алмастыра алады. Әңгіме тістің табиғи регенерациясын ынталандыратын биологиялық ыдырайтын патч немесе гель, яғни эмаль астында орналасқан қатты тінді қалпына келтіру туралы.
Ғалымдар атап өткендей, даму биоактивті молекулаларды, соның ішінде пептидтерді қолдануға негізделген. Зақымдалған аймақты тазалағаннан кейін тіс дәрігері жұқа патчты тікелей кариозды қуысқа жағады. Молекулалар тістің құрылымына еніп, целлюлозадағы тіс жасушаларын белсендіреді. Нәтижесінде жасушалар жоғалған дентинді қалпына келтіре бастайды, біртіндеп қуысты табиғи тірі материалмен толтырады.
Зерттеушілердің пікірінше, әдіс бірнеше ғылыми өзгеріс алып келеді:
кариестің бастапқы кезеңдерін бұрғылаусыз емдеу; толтырғыш материалдарға қажеттілікті азайту; қабыну және...Қазақстанда әлеуметтік тауарлардың бағасын өсіргені үшін саудагерлерге 1,2 айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы көлемі 50,8 млн теңге.
Сауда министрлігінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері елде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын көтерген мыңдаған жағдай анықталған. Өңірлік комиссиялар жеткізу тізбегін тексеріп, тауарлардың құнын себепсіз көтеретін делдалдарды тапқан.
Нәтижесінде 2,4 мың әкімшілік қаулы шығарылды, оның ішінде 50,8 млн теңгеге 1,2 мың айыппұл салынған, ал қалғандарына ескерту берілген.
Бұзушылықтардың бірнеше мысалы:
БҚО-да «Жұлдыз» жеке кәсіпкері «Илецкая» тұзын кг үшін 55 теңгеден сатып алып, 90 теңгеден сатты. Жәрдемақы 63,6% құрады. Ұлытау облысында «Байкенженова» жеке кәсіпкері «Шедевр» (1 л) күнбағыс майын сатып алып, оны 1,1 мың теңгеден...Астанада енді жекеменшік мектепте оқитын балалар да қоғамдық көлікте тегін қатынай алады. Бұл туралы елорданың білім басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты.
Өзгеріс Астана қаласы қоғамдық кеңесінің отырысында қабылданды.
Басқарма басшысының айтуынша, бұған дейін мемлекеттік мектепте оқитын балалар ғана қоғамдық көлікте жеңілдік карталарын пайдаланған. Жекеменшік мектептерде оқитын балалар қарастырылмаған.
Енді құжаттан «жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын» деген тіркес алынып тасталды. Жеңілдік мемлекеттік немесе жекеменшік мектепте оқығанына қарамастан барлық оқушыға қолданылады.
Тағы бір өзгеріс жол жүру картасын жеңілдікпен қолдана алатындардың жасына қатысты болды. Бұған дейін жеңілдік тек қана 7-18 жасқа дейін деп анықталған. Енді «кәмелет жасына толмағандарға» деп қолданылады.
Үшінші өзгеріс...
Ішкі істер министрінің 10 қарашадағы бұйрығымен жол жүрісі қағидаларына өзгерістер енгізілді. Онда елдімекендердегі жылдамдықты шектеу мен тоқтау ережелері нақтыланған. Жаңа талаптар 28 қарашадан бастап күшіне енеді.
Қаладағы жылдамдық шектеуі
ІІМ мәліметінше, бұл өзгерістер жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Жаңартылған жол жүрісі қағидаларына сәйкес:
Елдімекендерде көліктер сағатына 60 км-ден аспайтын жылдамдықпен қозғалуы тиіс. Арнайы жол белгілерімен белгіленген аймақтар, онда жылдамдық 90 км/сағ дейін рұқсат етіледі. Автобустар мен жүк көліктері үшін жылдамдық шектеуі сағатына 50 км. Аулаішілік аумақтар мен тұрғын үйлер орналасқан аймақтарда жаяу жүргіншілер мен балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жылдамдық 20 км/сағ дейін шектелді.Жол жүру ережелеріндег...
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Түркістан облысының Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеп-тексеру бойынша құрылған Үкіметтік комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнына қабылданып жатқан жедел шаралар туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов, энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов және «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директоры Бауыржан Асқаров, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндама жасады.
Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілуде. Ауруханаға түскен үш адамның жағдайы...
Алматыдағы Тереңқұрға жақында ықпалды адамдар көшіп баруы мүмкін. PR маманы Сергей Чикиннің айтуынша, даулы жердің дәл қасындағы жер телімі әйгілі продюсер мен Forbes тізіміндегі миллионердің отбасына тиесілі.
Чикиннің мәліметінше, жақында осы ауданда екі жекеменшік үй сүріле бастады. 2025 жылғы қыркүйекте ғана қала тұрғындары ауданда қонақ үй салынуы мүмкін екенін айтып, наразылық білдірген. Жергілікті тұрғындар сүріліп жатқан үйлерді Баян мен Тұрсынғали Алагөзовтер сатып алған деп отыр. Forbes кәсіпкердің байлығын 130 млн долларға бағалады. Алагөзов дәулетті қазақстандықтар тізімінде 61-орында тұр.
«Аумақ қоршалған. Соған қарағанда, мұнда біртұтас құрылыс басталғалы жатыр», – деді Чикин Kursiv.Media-ға.
Естеріңізге сала...
Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында өрттен 12 адам қаза тапты, ішінде тоғыз бала бар. Елде бұған дейін балалар қайтыс болған бірнеше жағдай тіркелді. 2019 жылы Астанадағы Ситерлер отбасы бес қызынан айырылды. Былтыр бірнеше отбасы қара жамылды.
Kursiv.Media кейінгі жылдары өрттен қайтыс болған балаларға қатысты ақпаратты топтастарды.
Ситерлер бес қызынан айырылды
2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні Астанадағы Көктал-1 тұрғын алабындағы жеке үйдің аумағында «времянка» өртеніп кетті. Құтқарушылар үй ішінен Евгений мен Жанымгүл Ситерлердің 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қызының мәйітін тапты.
Араға бірнеше күн салып елордалық көпбалалы аналар Үкімет...
«Қайрат» футбол клубы УЕФА-мен бірлесіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екі маңызды матчты Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылдады.
Енді команданың «Олимпиакосқа» қарсы 9 желтоқсандағы, сондай-ақ «Брюггемен» 20 қаңтардағы үй ойындары «Астана Арена» стадионында өтеді.
Клуб мәліметінше, Алматыдағы Орталық стадионда қыста матч өткізу тәжірибесі жанкүйерлерге де, қызметкерлерге де бірқатар қиындық тудырған. Ауа температурасының төмен болуы, стадионда шатырдың болмауы және қар жауу қаупі жанкүйерлердің жайлылығына кері әсер етеді. Осыған байланысты қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз ету үшін ойындарды жабық аренға көшіру шешімі қабылданды.
Билеттердің бағасы 15 000 – 50 000 теңге аралығында болады. Сату 28 қарашадан бастап Qairat...
Түркістан облысы, Алғабас ауылында өрттен қайтыс болған марқұмдардың жаназасы шығарылып жатыр. Қазіргі уақытта 7 ер адамның жаназасы өтті. Оқиға орнына облыс әкімі Нұралхан Көшеров барып, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.
Азалы әулетке көңіл айтуға алыс-жақын ауылдардан келіп жатқандардың қарасы көп. Бірақ қаза тапқандардың туыстары пікір білдіруден бас тартты.
Бұған дейін Kursiv.Media марқұмдардың көршілерінен пікір алып, өрттің неден шыққанын жазған. Қайғылы оқиғаға куә болған тұрғындардың сөзінше, өрт электр тогынан шығуы мүмкін.
Өрттен он екі адам қайтыс болды, оның тоғызы – бала. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
Қайғылы оқиғаға Тоқаев көңіл айтып, арнайы...
Атыраудағы тойда күйеу жігіттің достары Counter-Strike 2 ойынындағы сирек кездесетін виртуалды Butterfly Knife Doppler пышағын сыйға тартты.
Бұл виртуалды заттың сандық нарықтағы бағасы шамамен 7 млн теңгеге бағаланады. Дәстүр бойынша «пышақ сыйлауға болмайды» деген сенім болса да, цифрлық сыйлық той қонақтарының қызығушылығы мен таңданысын тудырды.
Геймерлік артефакт тек цифрлық әлемде болғанымен, оның құндылығы көптеген дәстүрлі материалдық сыйлықтардан асып түсті.
Той қатысушылары пышақты табыстау сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісті. Ролик тез таралып, ойыншылар мен қолданушылар арасында қызу талқылауға себеп болды.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Жетісайға қарып, қайғылы оқиға сөңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.
«Бүгін түнде қайғылы жағдай болды. Бір үй өртеніп кетті. Бір отбасында он екі адам қаза болды. Оның ішінде тоғызы – кәмелет жасына толмаған балалар. 5.38-де өрт сөндіру бөліміне хабарлама келді. Өрт сөндіру қызметкерлері тиісті шараларды жасап, жұмыс істеді. Үш адам аман қалды», – деді ол.
Оның айтуынша, үшеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Қажет болса, науқастарды Астанаға апарып, емдеуге де мүмкіндік қарастырылып жатыр.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, үкіметтік комиссия құрылып, құзырлы органдар тергеу жасап, өрттің не себептен болғанын...
24 қарашадан бастап үйге тұрақты немесе уақытша тіркеу толықтай онлайн форматқа көшеді. Енді тіркеуді тек eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ғана рәсімдеуге болады. Бұрынғыдай ХҚКО-да тіркелу мүмкін болмайды.
Ол үшін:
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) Мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі қажет болады.Онлайн тіркеуді қалай рәсімделеді
eGov.kz арқылы: Басты бет → Азаматтар → Азаматтық, көші-қон және иммиграция → Тіркеу → «Қызметті онлайн сұрау».
Өтініш толтырып, ЭЦҚ немесе SMS-код арқылы растайсыз.
eGov Mobile арқылы тіркелу тәртібі:
Мемлекеттік қызметтер → Жылжымайтын мүлік және ТКШ → Тұратын мекенжай бойынша тіркеу.
Өз деректеріңізді толтырып, тіркелу себебін көрсетіп, қолжетімд...
Таңертең жарияланған қайғылы оқиға төбеден жай түскендей әсер етті. Түркістан облысы Алғабас ауылында өрт болып, 12 адам қайтыс болған. Оның тоғызы – бала. Өрт неден шықты? Алғаш көргендер кім? Kursiv.Media материалында.
Қайғылы оқиға болған жердің маңайын қоршап тастаған, бейсауат адамды жақындатпайды. Маңайында полиция, өрт сөндірушілер жүр. Өрт болған үйдің терезелері күйіктен қап-қара болып кеткен. Барлығына дерлік темір қоршау орнатылған.
Kursiv.Media тілшісі көршілерімен сөйлесіп көрді. Сол ауылдың тұрғыны Қайыргелді Божымбетовтің айтуынша, өрт электр тогынан шыққан болуы мүмкін.
«Осы жерге келдім, көптеген жедел жәрдем, өрт сөндіру машиналары тұр. Тоқтан шықты деп естідім. Газ емес, тек тоқ деп...
Аты аңызға айналған португалиялық футболшы Криштиану Роналду сейсенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамппен Ақ үйде кездеседі. Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлады.
Бұған дейін Роналду 47‑ші президентпен кездесу мүмкіндігіне қызығушылық танытқан. Соңғы жылдары футболшының АҚШ-қа жолы түспеген. 2017 жылдан бері Криштиану елге кірмеген, себебі Кэтрин Майорга 2009 жылы Лас-Вегаста Роналдуды зорлық жасады деп айыптап, сотқа жүгінген болатын.
Дегенмен, 2019 жылы жергілікті прокуратура Роналдуға тағылған айыптарды негізсіз деп таныды, ал 2023 жылы футболшы қайталанған істің нәтижесінде ақталды.
Сондай-ақ, 2025 жылғы қараша айында Португалия құрамасы Әлем чемпионатының 2026 жылғы іріктеу кезеңінде Арменияны 9:1 есебімен жеңіп, турнирге қатысу құқығын қамтамасыз етті. Роналду...
TikTok арқылы табыс табу жылдан-жылға қиындап барады. Себебі платформа ережелерді де, алгоритмдерді де өзгертіп жатыр. Бұған дейін авторларға ТОП-қа шығу да, бірнеше мың қаралым жинау да оңайырақ болған еді. Ал қазір платформа шынында сапалы әрі мәнді видеоларға көбірек ден қоятын болып отыр. Олай болса, қандай жаңа ережелер қосылғанын, оның қазақстандық авторларға қалай әсер ететінін талдап көрелік.
Басты өзгерістер
Былтыр наурызда TikTok бұрынғы Creator Fund бағдарламасының орнына шығатын Creator Rewards Program туралы жариялаған еді. Бұл бағдарламадағы басты критерийлер мынадай: автор 18-ге толған болуы керек. Кемінде 10 000 оқырманы бар, кейінгі отыз күнде видеолары 100 000 қаралым жинаған болуға тиіс. Біра...Алматы–1 теміржол вокзалында демалыс капсуласы бар қонақүй ашылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
18 қарашада қала әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы–1» теміржол вокзалындағы құрылыс барысын тексерді. Әкім 1974 жылы салынған ғимараттың тарихи сәулеттік келбетін сақтай отырып жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
«Вокзал аумағында визит-орталық, музейлік экспозиция және демалыс капсуласы бар қонақүй ашу жоспарланған», – деп таратты әкімдік.
Сатыбалды жобаны қала тұрғындары мен қонақтары үшін барынша жайлы, қауіпсіз етіп дайындау маңызды екенін атап өтті. Бұған қоса, әкім құрылыс мерзімі мен сапасын қатаң сақтау қажеттігін, сапасыз жұмыс үшін қатаң жауапкершілік барын ескертті.
Естеріңізге сала...
Qazaq Stroy компаниясының иесі, кәсіпкер Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Клубты дамытуға қажет инвестиция көлемі мен ұйымдастырушылық мәселелер 2026 жылдың қаңтарында талқыланады», – деп хабарлады Qazaq Stroy.
Нұрлан Артықбаев Алматы мен Астанада тұрғын үй кешендерін салумен айналысатын Qazaq Stroy компаниясының негізін қалаушы және мажоритар иесі. 2025 жылдың мамырында алғаш рет Forbes Kazakhstan тізіміне енді: елдегі 75 ең бай бизнесменнің ішінде 44-орынға тұрақтады. Басылым оның байлығын 228 млн доллар деп бағалаған.
Qazaq Stroy компаниясы да биыл Forbes рейтингтеріне алғаш рет кірді. Компания Қазақстандағы ең ірі 75 компанияның қатарынан табылып, 14-орынды иеленд...
Иран президенті Масуд Пешезкиан келесі айда Қазақстан мен Түркіменстанға келеді. Мемлекет басшысы Решт қаласында өтіп жатқан Каспий елдері форумында осылай деп мәлімдеді. Президент сөзін Tehran Telegraph таратты.
Басылымның мәліметінше, президент Пезешкиан Каспий өңіріндегі барлық елмен саяси, экономикалық және мәдени байланысын кеңейткісі келеді.
Иран сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арагчидің айтуынша, мемлекет басшысы теңіз жағалауындағы мемлекеттердің басшыларының бәрімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Министр Пезешкианның осы сапары сауда келісімдері, энергетика жобалары және мәдени байланыстарға арналады.
2025 жылы Пезешкиан Әзербайжан мен Ресейге барып, сауда келісімдеріне отырған.
Кардиохирург, саяси және мемлекет қайраткері Масуд Пезешкиан 2024 жылғы 28 шілдеде президент атанды...
Жүкті әйелдер мен балалар үшін аса қауіпті гонконг тұмауының штамы Қазақстанда өршіп барады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
587 адам гонконг тұмауын жұқтырды
Ресми деректерге сүйенсек, күзгі-маусымдық кезең басталғалы бері елде 590 адамнан тұмау зертханалық түрде расталған. Оның 587-сі – H3N2 штамы, яғни гонконг тұмауы. Бұл вирус H2N2 тұмауынан мутацияланған және аурудың ауыр түрлерін тудырып, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
«H3N2 штамы үш негізгі топ үшін қауіпті: жүктіліктің соңғы кезеңіндегі әйелдер, екі жасқа дейінгі балалар және өкпенің созылмалы ауруы бар адамдар», – делінген комитет хабарламасында.
Қыркүйек айының басынан бері елімізде жедел...