Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас қазақ халқына көрнекті ақын, драматург әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қырғыз елінің басшысы қаралы хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Жеделхатта Мұхтар Шахановтың бүкіл түркі әлемі, соның ішінде қырғыз ағайындар үшін де орны бөлек тұлға екені ерекше аталған.
Қырғыз халқының шынайы досы
Садыр Жапаров жеделхатында Мұхтар Шаханов екі ел арасындағы рухани алтын көпір болғанын тілге тиек етті.
«Қазақтың ұлы перзенті, Қырғызстанның Халық ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы тұңғыш Елшісі, Шыңғыс Айтматовтың және қырғыз халқының адал досы Мұхтар...