Қытайлық авто алпауыттар инновациялық технологиялар мен автомобиль қауіпсіздігі саласындағы өз орнын нығайтуды жалғастырып жатыр. Жақында «Аспан асты елінде» әлемдегі ең ірі автомобиль қауіпсіздігін сынау орталығы ашылды. Аталған нысан Гиннестің әлемдік рекордын бес рет жаңартты. Жоба автомобиль қауіпсіздігі стандарттарын айтарлықтай жақсартып, бүкіл сала үшін жаңа талаптар орнатуды көздейді.
Инновация және инвестиция
Орталықты танымал қытайлық бренд Geely ашқан. Қауіпсіздік орталығы 45 000 шаршы метрді алып жатыр. Бастапқы инвестиция көлемі 140 млрд теңгеден (2 млрд юань) асады. Бұл әлемдегі ең ірі нысан, заманауи зертханалармен, арнайы апаттық сынақ жолдарымен және жел туннельдерімен жабдықталған. Ол қазірдің өзінде бес Гиннестің әлемдік рекордын жаңартты, бұл...