2026 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 35 жыл болады. Одан бөлек биыл Желтоқсан оқиғасына 40 жыл. Атаулы күндер арасында есімі ел есінде қалған бірқатар азаматтың да мерейтойы бар.
2026 жылы елде қандай атаулы даталар мен мерейтойлар барын Kursiv.Media материалынан біле аласыздар.
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл
Аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында туған. Азан шақырып қойған аты – Ибрагим. 3-4 жасында әкесі Алтынсары өмірден өткен соң атасы Балғожа бидің қолында өскен.
Ол Орынбордағы ашылған мектепті тәмамдаған соң туған елінде тілмаш болды. Осылайша ынтасы ағартушылыққа ауады, артынша...