Ел ішінде танымал кейбір шай брендтерін елге әкеліп, сатуға тыйым салынды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тексеріс жүргізіп, осындай шешім шығарды.
Оған себеп – өнімнің құрамында зиянды заттар табылуы, өнімді қаптаудағы талаптар сақталмағандығы. Атап айтқанда:
Қауіпті бояғыштар: Шайдың құрамынан заң бойынша қосуға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар табылған:
E102 (Тартразин) және E110 : Бұл заттар балалардың зейініне және белсенділігіне кері әсер етуі мүмкін. E124 (Понсо 4R): Денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін болғандықтан, шай өндірісінде қолданылмауы тиіс.Жалған ақпарат: Шай қорабында жазылған мекенжайда немесе зауытта іс жүзінде ешқандай өндіріс орны жоқ болып шыққан. Яғни шайдың қайда және қандай жағдайда жасалғаны белгісіз.
Таңбалаудың бұзылуы: Қаптамадағы мәліметтер (құрамы, сақтау мерзімі, өндіруш...