Таразда мектепте төбелес болып, салдарынан 10-сынып оқушысы ауыр жарақат алды. Оның бір көзі ағып түскен. Оқушы отадан өтті, қазір оның жағдайы ауыр.
Оқиға сабақ арасындағы үзіліс уақытында болған. КТК телеарнасының мәліметінше, жасөспірімді киім ауыстыратын бөлмеге шақырып, сол жерде 9-сынып оқушылары жабылып, соққыға жыққан.
Бейнебақылау камералары төбелес бірден басталып кеткенін көрсетті. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен оқушыны басынан ұрған, ал оның досын араша түспеуі үшін ұстап тұрған.
Балаға ота жасалды. Анасының айтуынша, ол көп нәрсені есіне түсіре алмады, бірақ шабуыл жасағандардың қолында темір болғанын байқаған.
«Дәрігер көзін бөлшектеп жинап шыққан. Ол алдағы 10 күннің өте қауіпті екенін...