Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысында Қазақстан экономикасының жаһандық дағдарысқа төтеп бере алғанын айтты.
Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесін мемлекет пен оның халықаралық серіктестері арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың берік әрі сенімді алаңы ретінде сипаттап, бұл кеңестің алдағы уақытта да өз миссиясын табысты жалғастыратынын атап өтті. Өз сөзінде әлемде болып жатқан сын-қатерлердің жаһандық экономикаға әсер туралы да айтты.
Сарапшылар болжамына сәйкес, таяу жылдары жаһандық ЖІӨ шамамен 2,9 пайызға дейін баяулайды. Бұл жағдай барлық елдерде экономикалық қысымды арттырады.
«Бүгінде инфляциялық қысымның күшейгені, жаһандық жеткізу тізбегіндегі кедергілердің және іскерлік ортадағы бағдарсыздықтың артқаны байқалады. Мұндай...