2026 жылдың басындағы демалыс күндерге арналған доллар бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да 1 доллар 505,53 теңге болды. АҚШ валютасы бір тәулікте 3 теңгеге нығайды.
Ұлттық банк (ҰБ) дәл осы бағамды жаңа жылдағы демалыс күндерге ресми бағам деп белгіледі.
Елдегі валюта айырбастау мекемелерінде де доллар қымбаттап жатыр. Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласында 1 доллар 512 теңгеден қабылданып, 516 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласында, әдеттегідей, бағам сәл жоғары – 510 және 517 теңге.
2025 жылы доллар бірнеше мәрте нығайды. Жазда оның құны 550 теңгеге дейін көтерілді. Жылдың екінші жартысында ҰБ ұлттық валютаны күшейту үшін миллиардтаған қаражат...