Мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 400-ге жуық кәсіпорынға тексеру жүргізді. Республикалық мекемелер 9,8 мыңнан астам қызметкердің жалақысын дұрыс төлемеген. Оларға 2,3 млрд теңге қарыз болған, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2025 жылғы 1 қарашаға дейін, мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 306 тексеру жүргізіп, 6 571 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде:
еңбек саласына қатысты – 5 427 бұзушылық, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша – 1 111, халықты жұмыспен қамту саласында – 33 бұзушылық.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жалпы 40 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.
Елде жалақы бойынша қарыздар мен еңбек құқықтарының бұзылуы жиі анықталған кәсіпорындардың басшыларына 3 369 міндетті ұйғарым берілген. Сонымен қатар оларға 428,2 млн теңгеден астам айыппұл