Ресейдің Қорғаныс министрлігі азаматтарды мерзімді әскери қызметке жыл бойы шақыру туралы бұйрық шығарды.
Құжатқа қорғаныс министрі Андрей Белоусов қол қойған. Бұйрық ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды.
Құжат 2026 жылғы әскерге шақыруға, сондай-ақ мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген азаматтарды қызметтен босатуға қатысты. Ол Ресей президенті Владимир Путиннің тиісті жарлығын орындау аясында шығарылған.
«Ресей Федерациясы президентінің жарлығын орындау мақсатында мынадай бұйрық беремін: әскери округтер әскерлерінің қолбасшылары мен әскери комиссарлар Ресей Федерациясы субъектілерінің атқарушы органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Ресей Федерациясының Қарулы күштеріне, басқа да әскерлерге, әскери құрамалар мен органдарға...