Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Қызылорда – Жезқазған және Жезқазған – Қарағанды жолдары қашан пайдалануға берілетінін айтты.
Қызылорда – Жезқазған жолында жұмыс қарқыны баяу….
Әкімнің айтуынша, облыс тұрғындары Қызылорда – Жезқазған автожолы құрылысының аяқталуын асыға күтіп жүр. Дегенмен әкім жұмыстың баяу жүріп жатқанын мойындады. Аталған жол учаскесі 2027 жылға дейін тамамдалуға тиіс.
«Бұл жолдың 208 шақырымы облыс аумағынан өтеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жолдың төрттен бір бөлігіне екі қабат асфальт төселді. Жобаны іске асыру мерзімі – 2025-2027 жылдар. Кейбір учаскелерде жұмыс қарқыны баяу. Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» тарапынан жұмыстарды жеделдету қажеттігі туралы тиіст...