Әнші Димаш Құдайберген бос уақытында мотоцикл айдағанды жақсы көретінін айтты.
«Мотоцикл айдағанды жақсы көремін. Достарымызмен бас қосып, жоспарларымызды бөлісіп, әңгіме дүкен құрғанды ұнатамын. Көп қыдырғанды ұнатпаймын, тек үй мен студия арасында жүремін», – деді әнші.
Сонымен қатар өнер жолына енді қадам басып жатқан жастарға жасанды интеллект құралдарына жақындамауға кеңес берді.
«Өз басым жасанды интеллектімен әлі жұмыс істеп көрмедім. Ол – заман талабына сай қолданыс құралы. Одан қашудың керегі жоқ. Сол арқылы әлем әлі естімеген, көрмеген дүниелермен болашақта танысады деп ойлаймын. Артымнан ерген бауырым қазір кәсіби білім алып жатыр. Білім алып жүрген...